Байланыс телефондар:

қабылдау

8 (72231) 2 37 35

мамандар

8 (72231) 2 37 36

8 (72231) 2 37 52

дүйсенбі-жұма 9:00 - 18:00

Электрондық пошта:

gcz_3735@mail.ru

Мекен-жайы:

Пирогова көшесі 6
(4-ші қабат)

сұрақ беру

Бас бостандығынан айрылғандардың бос жұмыс орындар жәрменкесі

2016 жылы 24 қазанда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ШҚО бойынша ҚАЖД Глубокое ауданының пробация қызметі бөлімімен бірлесіп бос жұмыс орындар жәрменкесі өткізілді.

Осы шараның мақсаты – ШҚО бойынша ҚАЖД Глубокое ауданының пробация қызметі тіркеуінде тұрған жұмыссыз тұлғаларға мамандық алуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Шараның барысында Глубокое ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры сөз сөйледі, ол аудандағы қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындар туралы, сонымен қатар еңбек нарығындағы жағдай туралы жиналғандарды ақпараттандырды.

ШҚО бойынша ҚАЖД Глубокое ауданының пробация қызметі бөлімінің үлкен инспекторы әділет капитаны Садвакасова Галия Канатбековна сөйледі. Шараның барлық қатысушыларына халықты жұмыспен қамту қызметінің арнайы бағдарламалары мен қызметтері туралы ақпараттар, буклеттер таратылды.

Кездесудің нәтижесінде Бегалин Тимур «Күзетші» мамандығы бойынша оқуға баруға өтініш берді.


Глубокое ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ © 2016