Байланыс телефондар:

қабылдау

8 (72231) 2 37 35

мамандар

8 (72231) 2 37 36

8 (72231) 2 37 52

дүйсенбі-жұма 9:00 - 18:00

Электрондық пошта:

gcz_3735@mail.ru

Мекен-жайы:

Пирогова көшесі 6
(4-ші қабат)

сұрақ беру

Екінші бағыт  КӘСІПКЕРЛІК  БАСТАМАНЫ ЫНТАЛАНДЫРУ

Шағын несие беру тәртібі

Үміткер тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш береді және халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Жеке бас куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматтығы мен оралман куәлігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
  2. Тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелгендігін растайтын құжат (мекен-жай анықтамасы)
  3. Көшіп келгендер мен оралмандарды аймақтық квотаға енгізу (келісім) туралы комиссия шешімінің көшірмесі
  4. Өз ісіңді кеңейтуге немесе ұйымдастыру үшін бизнес-ұсыныс
  5. Инженерлі-коммунакациялық инфроқұрылымның жеткіліксіз нысандарын орнатуға және (немесе) дамытуға (қажет болған жағдайда), құрал-жабдықтар алуға, сонымен қатар жергілікті қаражат есебінен қаржыланатын отарлы мал шаруашылығын дамытуға сұраныс.

Өз істерін кеңейтетін тұлғалар қосымша төлем жүргізуге қабілеттілігін дәлелдейтін құжаттар ұсынады.

Кәсіпкерліктің негізін оқыту және кеңес беру қызметін ұсыну.

Бағдарламаның қатысушыларына бір айға дейінгі мерзімде кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту жолдары арқылы қаржылық емес қолдаудың мына түрлерін ұсынады:

  1. Кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша оқыту;
  2. Бизнес-жоспар даярлауға жәрдемдесу.

Бағдарлама қатысушысы кәсіпкерліктің негіздерін тұрғылықты жерінен басқа жерде оқыған жағдайда оның барып-келген жолына және тұратын орнына материалдық көмек беріледі.

Бағдарлама қатысушысының кәсіпкерлік негіздерінің қызметін оқыту республикалық бюджеттің мақсатылы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерліктің негізін оқытудың бағасы АКП есебінің негізінде аймақтық комиссияда келісіледі.

Оқуды жүргізу кестесі АКП жасалады және облыстың халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті органымен келісіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқытуға жататын Бағдарламаның қатысушыларының тізімін облыстың халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті органдарына жібереді.

Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті органы кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқытуға жататын Бағдарлама қатысушыларының тізімін жинақтап 5 жұмыс күн ағымында аудандық кәсіпкерлер палатасына аудан (қала) бөлігінде жиынтық тізімін жібереді.

Аудандық кәсіпкерлер палатасы Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту үшін КҚКО мен ККО бойынша бөледі және 5 жұмыс күн ішінде оқытатын халықты жұмыспен қамту орталығына оқудың басталуы мен өткізілетін жері көрсетілген тізімді жібереді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы бағдарлама қатысушыларын белгілі бір КҚКО немесе КҚО жібереді, онда олардың кәсіпкерлік қызметінің негіздерін тегін оқуды қамтамасыз етіеді, бизнес-жоспар даярлауға жәрдемдеседі және жүріп-тұру материалдық көмек ұсынылады (қажет болған жағдайда).

КҚКО немесе КҚО тұрғылықты жерінің елді мекенінен алыс болған жағдайда Бағдарлама қатысушыларына материалдық көмек көрсетіледі.

Кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқитындарға материалдық көмектің құрамына енетіндер:

  1. Барып келуге – бір жағына 2 айлық есептеу көрсеткішінің көлемінде;
  2. Тұруға - 10 айлық есептеу көрсеткішінің көлемінде;

Тұруға және барып-келуге төленетін материалдық көмек аудандық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту курстарына толық барғандығын дәлелдейтін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

АКП Бағдарлама қатысушыларына қаржы жылының 12 ай ішінде өтеусіз негізде сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, оның ішінде кеңес беру қызметі (бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік).

Өтеу бағдарламаға қатысушылар үшін жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер консультациялар өткізу арқылы көрсетіледі КҚКО немесе КҚО

Шағын несиені беру шарттары

Республикалық бюджеттегі бюджеттік несие жергілікті атқарушы органдарға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық қағидасына қарай бес жылға беріледі және мақсатты пайдалану үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 пайыз.

Уәкілетті аймақтық органдар үшін:

  1. қаржы агенттігі мәртебесі бар кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшері 0,01пайыз.
  2. басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшері кірістілігінің қалыптасқан орташа өлшемді мөлшері мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейінде белгіленеді.

Несиелік ресурстар ұсынылады:

Несиелік серіктестіктер ретінде қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмегендерге.

Несиені қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады кепіл, кепілдік, кепілдеме және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдер, несиелік серіктестіктің шарттары және (немесе) ішкі құжаттары.

Несиелік серіктестікті кепілдікпен қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды уәкілетті аймақтық ұйым белгілейді.

Бағдарламаға қатысу үшін несиелік ұйыммен уәкілетті аймақтық ұйымның арасында азаматтық заңнамаға сәйкес несие беру туралы келісімшарт жасалады.

Несиелік ұйымдар үшін несие бойынша уәкілетті аймақтық ұйым ұсынатын жылдық сыйақы мөлшерлемесін шағыннесиелендіру ұйымымен байланысты оның жоспарланған шығындары және уәкілетті аймақтық ұйымдар үшін белгіленген несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінен шыға отырып, аймақтық комиссияның келісімімен уәкілетті аймақтық ұйым белгілейді. Егер де уәкілетті аймақтық ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда несиелік келісімшарт тікелей қаржы агенттігі мен соңғы қарыз алушының арасында жасалады.

Қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті аймақтық ұйыммен ұсынылатын шағын несие бойынша сыйақының ең жоғары жылдық тиімді мөлшерлемесі соңғы қарыз алушы үшін аймақтық комиссияның келісімімен белгіленеді.

Агро өнеркәсіптік кешен саласындағы жүз пайыз акциялары тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйыммен немесе шағын қаржы (шағыннесиелік) ұйымы ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін несиелік ресурстар бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін аймақтық комиссияның келісімі бойынша уәкілетті аймақтық ұйым белгіленеді.

Бағдарлама қатысушыларын шағыннесиелендіруге келесі шарттар енгізіледі:

  1. уәкілетті аймақтық ұйымның талаптарын қаржылық жағдайын қанағаттандыратын үшінші тұлғалардың немесе барлық несиелік серіктестіктердің барлық қатысушыларына кепілдіктер немесе несие ұйымы үшін кепіл шағын несие қайтарымдылық негізінде ұсынылады.

    Кепілдікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті аймақтық ұйымның ішкі саясаты немесе шағынқаржыландыру (шағыннесиелендіру) ұйымдары анықтайды.

    Бюджеттік несиені қайтарылуын қамтамасыз ету құны (кепіл) сыйақы сомасын ескере отырып бюджеттік несие мөлшерінен кем емес құрайды.

  2. мақсатты сипаты бар – өз ісін кеңейту немесе ұйымдастыру;
  3. қосымша тұрақты жұмыс орындарын құру және міндетті түрде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырған жағдайда ғана өз ісіңді кеңейтуге шағын несие беріледі;
  4. шағын несие тұтынушылық мақсатқа, алдыңғы несиені жабуға және жылжымайтын мүлік сатып алуға, сонымен қатар сату саласындағы өз ісіңді жүзеге асыруға берілмейді;
  5. шағыннесиелендірудің мерзімі – бес жылдан аспайды;
  6. шағыннесиенің ең жоғарғы сомасы құрайды:

    3 миллион теңгеге дейін – өз ісіңді кеңейтуге немесе ұйымдастыруға;
    5 миллион теңгеге дейін – көшіпкелгендер мен оралмандар үшін;
    6 миллион теңгеге дейін – жеке шару қожалығы базасында ұсақ тауарлы өндірісті ұйымдастыруға.

  7. соңғы қарыз алушыға бүкіл несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бірі мерзімінде негізгі қарызды өтеуге жеңілдік кезеңдері беріледі;

Жеке қосалқы шаруашылығы базасында тауарлы өндірістік ұйымды шағын несиелендіру 2016 жылы Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске асырылуда.

Бағдарлама қатысушалары ауыл шаруашылығы қауымдастығында болған жағдайда жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлы өндірістікті жүзеге асыруға шағын несие беру жүргізіледі.

Глубокое ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ © 2016