Байланыс телефондар:

қабылдау

8 (72231) 2 37 35

мамандар

8 (72231) 2 37 36

8 (72231) 2 37 52

дүйсенбі-жұма 9:00 - 18:00

Электрондық пошта:

gcz_3735@mail.ru

Мекен-жайы:

Пирогова көшесі 6
(4-ші қабат)

сұрақ беру

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шарттары

Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

Кәсіби оқыту халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады, егер:

  1. қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;
  2. кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;
  3. бар мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.

Кәсіптік оқыту:

  1. жұмыс іздеп жүрген адамдар;
  2. жұмыссыздар;
  3. еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 19-бабы 4-тармағында көрсетілген мынадай адамдар:

  1. мүгедектер;
  2. мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар);
  3. халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар;
  4. алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдар;
  5. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар кәсіптік оқытудан басым тәртіппен өтеді. 

Кәсіптік оқытуға және оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:

  1. әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;
  2. стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;
  3. қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;
  4. қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, оқып жүргендерге субсидия (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға беруге) байланысты шығындарды өтеуге) (бұдан әрі – материалдық көмек) беру;
  5. еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар беру есебінен біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу;
  6. лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
  7. қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жолымен іске асырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары:


  1. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен бірлесіп  еңбек нарығының кадрларға қажеттіліктерін айқындайды;
  2.  кәсіптік оқытуға қажеттілік бар жұмыс берушілерді есепке алуды жүзеге асырады;
  3. жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі және шарттары, оның ішінде жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуға қатысуға үміткерлерді таңдау туралы консультация береді;
  4. мамандық (кәсіп) таңдау, кәсіптік оқыту және  жұмыс берушілердің қажеттіліктерін және әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілген жұмыс орындарын (бос жұмыс орындарын) ескере отырып, оны аяқтағаннан кейін ықтимал жұмысқа орналасу мәселелері бойынша   үміткерлерге консультация береді;
  5. үміткерлердің мамандығы (кәсібі) бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу мәселелері бойынша консультация береді.

 Халықты жұмыспен қамту орталықтары консультация беру нәтижелері бойынша кәсіптік оқытуға үміткерлердің және білікті кадрларға қажеттілік бар жұмыс берушілердің тізімдерін қалыптастырады. Кәсіптік оқытуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:

  1. халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер қатарынан таңдау;
  2. бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу;
  3. өз бетінше, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы;
  4. өндірістің ықтимал тоқтауы, жұмыс уақытының қысқаруы жағдайында, аталған жағдайларға жол бермеу мақсатында, жұмыс берушінің қызметкерлері қатарынан таңдау арқылы іздестіру жолымен жүргізеді.

Жұмыс берушілер үміткерлерді әңгімелесу өткізу жолымен немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған ақпаратты зерттеудің негізінде іріктейді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден жазбаша ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіптік оқытуға қатысу үшін құжаттар ұсыну қажеттігі туралы (еркін нысанда) хабарлайды.

Жұмыс берушілер таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

 Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
  3. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (кәсіптік оқытуға жолдама берілгенге дейін ұсынылады);
  4. білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
  5. еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе жалақысы сақталмайтын демалыс не бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтап туралы актісі (еркін нысанда).

Құжаттар тізбесін қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері көшірмелердің түпнұсқалығын түпнұсқамен салыстырып тексереді және өтініш берушіге қайтарады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқушылар құрамына үміткерлерді енгізу туралы бұйрық шығарады және осы Қағидаларға                  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқытуға жолдама береді.

Кәсіптік оқытудан бас тартқан жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы бас тарту себептерін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша (еркін нысанда) хабардар етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасауға болады.

Жұмыс берушілер кәсіптік оқытуға іріктеп алған үміткерлер жұмыс берушілердің келісуі бойынша осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары тізбесінен білім беру ұйымдарын не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарын таңдайды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты өздігінен не кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын және осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес айқындалатын оқу орталықтарын тарту арқылы жүргізеді.

Білім беру ұйымдарына, оқу орталықтарына кәсіптік даярлауға жіберілген кезде оқушылар түсу емтиханын тапсырмастан қабылданады.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқушының жұмыс орнын сақтау шартымен жүзеге асырылады.

Кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде Бағдарламаның 59-1-тармағына сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлерге басымдық беріледі.

Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыскерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін және оқыту нысанын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін оқыту ұйымдары жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.

Өндірістен қол үзіп кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және (немесе) біліктілікті арттырудан өту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі.

Жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілік арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің қатысуын талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Егер де оқушы қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтихан тапсырмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде, бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

Ал жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайларды қоспағанда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде қайтарады.

Шығындар қайтарылмайды:

  1. оқушылар басқа тұрақты жұмысқа орналасқан, әскер қызметіне шақырылған, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айрылған, қайтыс болған, жүкті болған, баланың күтіміне байланысты демалыста болған, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін ұзақ емдеуді қажет ететін аурумен ауырған жағдайларда;
  2. жұмыс берушілер жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, сондай-ақ төтенше жағдайларда немесе өрт, жер сілкіну, су тасқыны, апаттық құбылыстар және әскери әрекеттер сияқты күшпен еңсеруге келмейтін (форс-мажорлық) өзге жағдайларда қайтарылмайды.

Оқушыларды кәсіптік оқытуды халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен өңірлік комиссия бекіткен тізбеден оқушылар жұмыс берушілермен бірлесіп таңдаған оқу орталықтарында ұйымдастырады.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді және:

  1. кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;
  2. қайта даярлау кезінде – алты айдан;
  3. біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.

Кәсіптік оқытудан өтетін оқушыларға техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін «білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Білім беру туралы» Заң) 47-бабы 7-тармағында белгіленген мөлшерде стипендия ұсынылады.

Оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды (бұдан әрі – КДДБ) қамтиды. Игеретін кәсібіне қарай КДДБ арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынақ) жұмысын орындауды (практикалық тест) көздейді.

КДДБ өткізу үшін тәуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады.

КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

Оқушылар, жұмыс берушілер, оқытатын ұйымдар, білім беру курстарын ұйымдастыру үшін іріктелген заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіби білімдері бар немесе кәсіби оқуын бітірген  жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді сұраған тұлғаларға жолдама беру арқылы базадағы бар бос жұмыс орындарына орналастыру.

Жүзеге асырылатын инфроқұрылымды жобаларға жұмысқа орналасу үшін бағдарламаға қатысуға үміткерлер  тұрғылықты жерлеріндегі қалалардағы аудандардағы халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініштері мен құжаттарын тапсырады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алулар туралы әрекеттегі заңнамаға сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға және (немесе) жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тарту немесе өз беттерімен оқитындарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс орындарын кеңейту мақсатында халықтың әлсіз топтарына арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша үкіметтік емес ұйымдарымен өзара әрекет жасайды.

Жұмысқа орналастыруға жататын тұлғалардың тізімін  халықты жұмыспен қамту орталықтары үкіметтік емес ұйымдарға сонымен қатар оқуларын бітірген тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне ұсынады.Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері әр айдың 3 күні,  келесі есепке қарай халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналастыру үшін адамдардың тізімін, жұмысқа орналастырылғандар саны туралы, кәсіпорындарда (ұйымдар), мамандықтарымен(кәсіп)   жұмыспен қамтылғандардың орташа еңбек ақысы туралы ақпаратты ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы  халықты жұмыспен қамту уәкілетті орган бекіткен жұмысқа орналастыру жеке картасында  кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) оқығандарды  тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру туралы   мәліметтерді көрсетеді.

Жұмысқа орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласындағы  бірыңғай ақпараттық жүйесінде  орналастырылады.

Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ , Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден.

Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жергілікті  бюджеттен жүзеге асырылады.

Глубокое ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ © 2016